Атырауда қамыс өртеніп жатыр

Атырауда қамыс өртеніп жатыр
Фото: ТЖД

Атырауда қамыс өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт 7 шілдеге қараған түні шыққан. Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, полковник Асқат Ержановтың басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері Каспий теңізінің жағалауында 15 шақырым радиуста аэровизуалды тексеріс жүргізді. Жүргізілген әуеден барлау нәтижесінде өрттің шамамен 5 гектар аумақты алып жатқаны анықталды.

Өрт Каспий теңізінің жағалауынан шығып жатыр.  Түтін теңізге қарай бағытталғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ екені хабарланды.

Қазір өртті сөндіруге ТЖД және "Ақ Жайық" резерватының күштері мен құралдары, жалпы есеппен 55 қызметкер, 13 техника, 2 мотопомпа және "Казавиаспас" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz