Жаңадан пайда болған Threads әлеуметтік желісіне бір тәулікте 30 миллион адам тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Марк Цукерберг жаңа әлеуметтік желіні іске қосты.
"Трэдс" деген атау алған қызмет танымал болып келе жатыр. Бір тәулікте жаңа желіге 30 млн адам тіркеліп үлгерген. Бұл әлеуметтік желіде инстаграм, фейсбуктегідей пост жазып, сурет жариялап, ұнаған жазбаны бөлісуге болады. Ғаламтор сыншылары жаңа қосымшаның интерфейсін Twitter-ге ұқсатты. Марк Цукерберг пен Илон Маск арасында дау-дамай туындап, болашақта екі миллиардер арасында бәсеке пайда болатыны айтылған.
"Біз көріп отырғанымыздай, Twitter консервативті болып келеді. Оның белсенді қолданушылары да жаңа платформа пайда болғанын қалайды. "Трэдс" жақсы альтернатива болуы тиіс", - дейді Forrester компаниясының зерттеу бөлімінің басшысы Майк Пру.
Айта кетейік, Massaget.kz порталының да бұл әлеуметтік желіде парақшасы бар. Парақшаға мына сілтеме арқылы тіркеле аласыздар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!