Алматыда автобуста жүру ақысы 200 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Алматыда автобуста жүру ақысы 200 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда жолаушыларды қоғамдық көлікте тасымалдау тарифтері өзгеруі мүмкін. Қаулының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жолаушы жол ақысын қалай төлейтініне қарай ақы келесідей өзгереді: 

  • байланыс операторы, қоғамдық көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы төлейтіндер - 100 теңге; 
  • қолма қол ақшамен төлейтіндерге - 200 теңге болады.    

Айта кетейік, Астанада тариф 90 және 180 теңге, ШҚО-да 90 және 130 теңге, Жамбыл облысында 85 және 130 теңге, Қостанай облысында 100 және 170 теңге. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина