Әлемдегі ең бай адам анықталды

Әлемдегі ең бай адам анықталды
Фото: pixabay.com

Америкалық миллиардер Элон Маск тағы да әлемдегі ең бай адам атанды. Кәсіпкер Bloomberg тізімінде тағы да көш бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Басылымның хабарлауынша, Tesla және SpaceX негізін қалаушы бірінші жартыжылдықта өзінің жағдайын шамамен 100 миллиард долларға арттырды: алты айда ол өзінің капиталын 234 миллиард долларға дейін көбейтті.

Рейтингте екінші орында 200 миллиард доллармен LVMH иесі Бернард Арно, ал үшінші орында 154 миллиардпен Amazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы америкалық кәсіпкер Джефф Безос тұр.

Элон Масктан кейін табысы бойынша, Meta Platforms иесі Марк Цукерберг тұр: маусымға қарай оның байлығы 58,9 миллиард долларға өсті және қазір 104 миллиард долларды құрайды. Цукерберг әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде тоғызыншы орында тұр.

А. Жапатова