Дәрігерлердің алдында тың отырған 97 жастағы әже Қазнетті тәнті етті

Дәрігерлердің алдында тың отырған 97 жастағы әже Қазнетті тәнті етті

97 жасында тың отырған әже Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та пайда болды. 

"97 жастағы пациентіміз. Бұрын дәрігер болған, Алла осылай әдемі қартаюды нәсіп етсін. Есте сақтау қабілеті керемет. Дәрі-дәрмектердің дозасын жақсы біледі", - дейді видео авторы. 

@dr_baikenova

Сапалы қартаю деп осыны айтуға болады?

♬ оригинальный звук - dr.Baikenova

Желі қолданушылары әженің осынша жасқа келіп, әлі тың екеніне таңғалды. 

"Білім осы үшін керек. Есте сақтау қабілеті, сөйлегені керемет. Осы жасқа дейін тың болу керек"

"Осы апамыздың жасына жетейік" 

"Алжымай, қадірлі болып, есіңді жоғалтпай қартайған қандай керемет. Апам ұзақ жасасын"

"Мына әженің қасында мен құлап қалайын деп жүрм. Алла қуат берсін әжемізге"

"Бұл менің әжем! Әжем туралы жақсы сөздер есту қандай керемет! Ақпанда алғашқы шөпшегі өмірге келді. Әртүрлі жастағы шөберелері көп", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина