- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда су жинау...
Ақтауда су жинау арнасынан 21 жастағы қыз өлі табылды
Ақтауда су жинау арнасынан 21 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inAktau.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Маңғыстау облысының Полиция департаменті мәліметінше, 2 шілдеде сағат 08:00 шамасында 102-ге су жинау арнасында, көпір маңында адам мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Жедел-тергеу тобы хабарға байланысты шықты. 21 жастағы қыздың денесі зорлықпен өлім белгілерінсіз табылды", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау қаласы Полиция басқармасында тіркелді.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында жоғалып кеткен мүгедек әйел өлі табылғаны хабарланған еді. Іздеу операциясының үшінші күні Сарыкөл ауданының жоғалған тұрғынының денесі Большие Дубравы ауылынан сегіз шақырым жерде табылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова