Әуежайда құлаған әйел жантүршігерлік жағдайда жарақат алды (видео)

Әуежайда құлаған әйел жантүршігерлік жағдайда жарақат алды (видео)
Фото: youtube.com/@TheThaiger

Бангкок әуежайында жолаушылар конвейеріне сәтсіз құлап кеткен әйелдің аяғын кесіп тастады. Бұл туралы cnn жазды.

Оқиға Бангкок әуежайында 29 маусымда болған. Басылымның мәліметінше, 57 жастағы турист Бангкоктың Дон Муанг әуежайынан Накхон Си Таммарат провинциясына қарай таңғы рейске отыруы керек болған.

Оқиға кезінде әйел траволатордың бойымен 4 және 5 терминалдар арасында қозғалып келе жатқан. Ол құлаған, содан кейін аяғы механизмнің ішіне қысылып қалған, нәтижесінде жарақат алған. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, жарақаттың ауыр болғаны сонша, дәрігерлер тобы оның сол аяғын тізеден жоғары кесуге мәжбүр болған.

Желіде жарияланған кадрларда әйел аяғының қысылып қалғанын көруге болады. 

Әуежай басшылығының айтуынша, механизм жақсы ақаусыз жұмыс істеген. Олар әйелдің өзі құлаған кезде құрылғының бетін зақымдауы мүмкін деп есептейді.

Дегенмен, басшылық жарақаттың механизмнің дұрыс жұмыс істемеуінен немесе әуежай қызметкерлерінің салғырттығынан болғанын анықтау үшін тексеру жүргізуге уәде беріп отыр. Әуежай директорының айтуынша, әуежайдағы жүру жолдары күн сайын және ай сайын тексеріліп тұрады.

"Дон Муанг халықаралық әуежайы атынан оқиғаға байланысты көңіл айтамын. Біз мұндай апаттың қайталанбауы үшін шаралар қабылдаймыз", - деді әуежай директоры Карун Танакулжирапат баспасөз мәслихатында.

Ол сондай-ақ әуежай әйелдің емделуге кететін шығынын толығымен өз мойнына алатынын және басқа да өтемақылар бойынша келіссөздер жүргізетінін атап өтті.

Т. Раушанұлы