"Саябақ емес лабиринт". Қарағандыда 1 миллиард теңгеге салынып жатқан скверге қатысты дау шықты

"Саябақ емес лабиринт". Қарағандыда 1 миллиард теңгеге салынып жатқан скверге қатысты дау шықты

Қарағандыда 1 миллиард теңгеге салынып жатқан скверге қатысты дау шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық мәслихат депутаттары оқиға орнына барып, жұмыс барысымен танысқан. Жаяу жүргіншілер жолы дәл ағаштың түбіне салынған.

"Мына жобаны жобалаған жандарға сұрағымыз бар. Барынша ағаштарға зиян келмесін деп жасапты, бірақ мына жерде адамдар қалай жүреді? Саябақ емес лабиринт сияқты", - дейді Қарағанды мәслихатының депутаты Бахтияр Омарханов.

Мердігерлер жоба бойынша салып жатқандарын айтады. 

"Барлық ағашты сақтап қалуға тырысып жатырмыз. Құрылыс алаңында ағаштар кездессе, айналып өтіп амалын жасап жатырмыз. Техникамен қандай да бір зақым келтірсек, оңалту жұмыстары жасалады. Оған арнайы мамандар бар. Біз мердігер ретінде алған жобаны қалай бар солай орындаймыз", - деді мердігер компанияның өкілі Вадим Магамадов.

Техникалық қадағалау өкілдері бұл алаң үшін мердігерге әлі ақша төленбегенін жеткізді. Алайда жобаны өзгерту мүмкін емес екен. Ол барлық сараптамадан өткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz