- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында жоғалып...
Қостанай облысында жоғалып кеткен мүгедек әйел өлі табылды
Қостанай облысында жоғалып кеткен мүгедек әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іздеу операциясының үшінші күні Сарыкөл ауданының жоғалған тұрғынының денесі Большие Дубравы ауылынан сегіз шақырым жерде табылды.
"30 маусымда 58 жастағы әйел үйінен шығып, хабар-ошарсыз кетті. Оның ағасы полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері ТЖ қызметкерлерімен және еріктілермен бірге іздеуді бастады. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Тергеу барысында ол жоғалған әйелдің жерленген жерін көрсетті. Осы дерекке қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Қостанай облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Нұрлан Арыстанов.
"Регион 10" іздеу жасағы
Жергілікті еріктілер жоғалған әйелді іздеуге қатысты. Әйел жоғалып кеткен күні ауыл тұрғынымен жанжалдасып қалған. Тергеу мәліметтері бойынша осы себеппен ер адам қылмыс жасаған болуы мүмкін.
Ресми мәліметтерге сәйкес, марқұмның денесі тереңге жерленбеген, бұтақтармен және құрғақ жапырақтармен жабылған. Қылмыс ауыл маңында қарусыз жасалған, содан кейін марқұмның денесі орманға апарылған.
Полиция мәліметінше, күдікті 31 жаста, ол бұрын сотталмаған. Қайтыс болған әйел жалғыз тұрған, екінші топтағы мүгедек болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова