Құлынмен бірге далада ұйықтап жатқан бала Қазнетті сүйсінтті

Құлынмен бірге далада ұйықтап жатқан бала Қазнетті сүйсінтті
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде құлынмен бірге ұйықтап жатқан баланың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан Ерсұлтан есімді бүлдіршіннің қорықпай құлынның қасында жатқанын көруге болады.

@ersultan.2022

♬ original sound - Ерсұлтан ?

Әлеуметтік желі қолданушылары батыр балақайға жылы лебіздерін жазған.

"Қазақты батыр баласы, тіл көзден сақтасын", "Бала кезімде еске түсіреді-ау мына бала", "Ұлың өсіп бай болсын, құлының өсіп тай болсын!", "Екі құлыншақ", "Екі құлын бір-біріне жарасып тұр", - деп жазды олар.

Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі видеолардан бүлдіршіннің төрт түлікті жатырқамай, бірге ойнайтыны да көрінеді.

@ersultan.2022

♬ original sound - Ерсұлтан ?
@ersultan.2022

♬ original sound - Ерсұлтан ?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова