ҰТО директоры грант иегері атану үшін білу керек маңызды нәрселерді айтты

ҰТО директоры грант иегері атану үшін білу керек маңызды нәрселерді айтты
Фото: instagram.com/testcenterkz

Ұлттық тестілеу орталығының Руслан Емелбаев директоры грант иегері атану үшін білу керек маңызды нәрселерді айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Руслан Емелбаев грант конкурсы сәттілік лотереясы емес екенін атап өтті.

"Грант иегері атану үшін бірнеше маңызды нәрсені білу керек. Атап кетсем:

  1. Құжаттарыңыздың түгел және дұрыс болуын қадағалаңыз. Ұқыптылық маңызды.
  2. Мақсатқа жету мүмкіндіктерін арттыру үшін қай білім беру бағдарламасы тобына қанша грант бөлінгенін білу қажет. Грант тізімін testcenter.kz сайтында жарияладық.
  3. ЖОО таңдау үшін олардың шекті балдарымен танысу қажет. Ақылы бөлімге және грант конкурсына қатысуға ЖОО-лардың белгілеген балдары біздің сайтта және телеграм-арнамызда орналастырылған.
  4. Өткен жылғы мәліметтермен танысыңыз. Арнайы сіздер үшін жақында testcenter.kz сайтында бейіндік пәндер комбинациялары бойынша 2022 жылғы конкурс нәтижелерін жария еттік.
  5. Грант конкурсында 4 мамандық пен 4 ЖОО таңдағанда, алдымен армандаған мамандығыңызды белгілеңіз. Жүрегіңізді тыңдаңыз", - дейді ҰТО директоры. 

Ал қалғанын грант конкурсына қатысушылардың саны шешеді. 

"Ең креативтері". Түлектер ҰБТ-да түрлі тәсілмен шпаргалка қолдануға тырысқан

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина