- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мәдениетті түрде заманауи...
"Мәдениетті түрде заманауи билеп тастады". Тойдағы видео TikTok-та хит болды
Желіде қазақстандық тойдағы кезекті видео тарап кетті. Үйлену тойдағы қонақтардың биі тек TikTok-тың өзінде екі жарым миллионнан астам қаралым жинады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
TikTok-та тойда ер адаммен билеген әйелдің видеосы тарап кетті. Олардың ырғақты қалай сезінетінін қараңыз.
@umitym2 #хочуврек #тикток ♬ оригинальный звук - Umitym_
Видео астында екі мыңға жуық пікір бар. Әлеуметтік желі қолданушылардың барлығы дерлік тек жағымды пікірлер қалдырған.
"Олар әнді қалай жақсы сезінеді", "олар жарды", "керемет би, мұның өзі өнер", "мәдениетті түрде заманауи билеп тастады", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.
Tengri Life тілшісі үйлену тойы жайлы білу үшін роликтің авторына хабарласты. Видеоны Үміт Төлегенова түсірген.
"18 маусымда досымның үйлену тойы болды, мұны сол кезде түсірдім. Мен бұл сәтті сақтап қалғым келді, өйткені Ләззат апай шынымен де керемет билейді. Құда бала да бұл видеоны Желіге салуыма қарсы болмады. Бірақ мен бұл ролик осыншама қаралым жинап, көптің назарын аудартады деп ойламадым", - дейді Үміт.
Оның айтуынша, бұл кадрлар Қызылорда облысы, Шиелі ауылындағы үйлену тойында түсірілген.
Еске салайық, әлеуметтік желіде тойда билеген атаның видеосы тараған болатын. Оның қимылдары Желі қолданушыларын тәнті етті.
А. Жапатова