- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада жантүршігерлік жайт:...
Астанада жантүршігерлік жайт: жүргізуші LRT-ға соғылып, оқиға орнында жан тапсырды
Әлеуметтік желіде көліктің Astana LRT бетон құрылымына соғылған видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 29 маусымда таңғы сағат 06:04 шамасында болған.
"Chevrolet Malibu көлігінің жүргізушісі Сығанақ көшесімен "Арыс" көпірінде Қалдаяқова көшесіне қарай келе жатып, рөлді тізгіндей алмай, бетонға соғылған", - деді Полиция департаменті өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиға салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалған. Соққының күшіне қарағанда, көлік асқан жылдамдықпен келіп соғылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина