Биыл жазда қант қымбаттай ма? Жұманғарин жауап берді

Биыл жазда қант қымбаттай ма? Жұманғарин жауап берді
Фото: elements.envato.com

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қант бағасына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, Үкімет бастапқыда қанттың көтерме бағасының ең төменгі деңгейін сақтағысы келген.

"Десе де әзірге тоқтатып тұрмыз. Себебі қант біртіндеп қымбаттап жатыр. Бізде қант өндірісі Ресейге қарағанда қымбатқа түседі. Әзірге ресейлік қант арзан, дегенмен біз жағдайды қалыпта ұстауды жөн көрдік. Отандық қант зауыттарын қолдау шаралары қазір пысықталып жатыр. Қант бағасының босаңсуына жол бермеу үшін өндірушіні субсидиялау нұсқасын ғана қарастырып жатырмыз", - деді Серік Жұманғарин.

Ол шикізаттың құны өскенін де атап өтті. Үкімет өкілінің сөзінше, мәселені шешуде ұзақ мерзімді перспективаға жүгінген тиімдірек.

"Әрине, қазір қант арзан. Бірақ біздің зауыттар қоймадағы қантты сата алмай отыр. Себебі өндіріс құны өте қымбат. Өйткені шикі қант биржаларда қатты қымбаттады. Қант тапшылығы қаупі жоқ, ал қымбаттау бойынша мәселені қарастырамыз", - дейді министр.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек