- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Блогерлер ақша үшін...
Блогерлер ақша үшін орамал тартады деген рас па? ҚМДБ жауап берді
ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Дүйсенбай Кенжетай "блогерлер ақша үшін хиджаб тағады" деген пікірге қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистер діни басқарма өкілінен бұған дейін жария болған тележүргізуші Динара Сәтжанның сөзіне қатысты пікірін сұрады. Ол БАҚ-қа берген сұхбаттарының бірінде "Блогерлер оранғаны үшін қыруар ақша алатынын" мәлімдеген еді.
"Орамал тарту барша әйелге балиғатқа жеткен соң парыз болып есептеледі. "Орамал тартқызды" деген деректі біз естіген жоқпыз, кездестірмедік. Бұл - жаңсақ пікір. Мұны мүмкіндігінше таратпауға кеңес береміз", - деді Дүйсенбай Кенжетай.
Ол оқушылардың да хиджап киюіне қатысты ҚМДБ ұстанымын жеткізді.
"Бұл мәселе бұған дейін де көтерілген. Мектеп оқушыларына да біз үнемі айтып келеміз, балиғат жасы деген 15-16 жастан асқан дегенді білдіреді. Хиджап мәселесінде қатты тартыс жоқ", - деді бас мүфтидің кеңесшісі.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы