Әлеуметтік желіде батискаф трагедиясы алдындағы кадрлар пайда болды

Әлеуметтік желіде батискаф трагедиясы алдындағы кадрлар пайда болды
Фото: OceanGate

Желіде "Титан" батискафы трагедиясының алдындағы кадрлар пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде "Титан" сүңгуір қайығы бір ғасырдан аса уақыт бұрын батып кеткен "Титаник" лайнерінің орнына барар алдында бірнеше минут бұрын түсірілген кадрлар пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??© ZTB QAZAQSTAN 2023 (@ztb_media)

Видеоны батискафты жеткізген кемеде жұмыс істейтін 22 жастағы Эбби Джексон жариялады. Кадрларда ол алдымен өзін көрсетеді, содан кейін сүңгуір қайық бір секундқа көрінеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Невероятная история (@neveroyatnaya_istoriya)

Айта кетейік, "Титаник" орнына барған экспедициялар бұған дейін де апатқа ұшыраған. The Daily Telegraph 2019 жылы шілдеде бортында ағылшын ғалымдары бар суасты аппараты "Титаник" қалдықтарына соқтыққанын жазды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, оқиғаның өзі көп уақыт жария етілмеген.

"Титаник" трансатлантикалық жолаушылар кемесі 1912 жылғы 15 сәуірге қараған түні айсбергке соғылып, апат салдарынан суға батып кеткен. Бұл оқиға ХХ ғасырдағы ең ірі әрі ең айтулы кеме апаттарының бірі болды. Кеме апатынан кем дегенде 1500-ге жуық адам қаза тапты.

Солтүстік Атлантикадағы апат орны - дүниежүзі туристері көп баратын бағыттардың бірі.

Еске салайық, бұған дейін "Титан" аппараты Атлант мұхитының солтүстік бөлігіндегі "Титаник" апаты орнына 18 маусымда аттанғаны хабарланған еді. Ал 19 маусымда экипажбен байланыс үзілген

Қайғылы бортта батискафты салған Стоктон Раш, француз флотының ардагері Пол-Анри Наргеоле, ұлыбританиялық миллиардер Хамиш Хардинг және пәкістандық кәсіпкер Шахзада Дауд пен оның 19 жастағы ұлы Сүлейман болды.

22 маусымда АҚШ жағалау күзетінің контр-адмиралы Джон Могер бортта болғандардың бәрі қаза тапқанын мәлімдеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова