Сізді мазалап жүруі мүмкін: жаман ойдан қалай арылуға болады?

Сізді мазалап жүруі мүмкін: жаман ойдан қалай арылуға болады?
Фото: freepik

Жағымсыз жайт кез келген жерде болуы мүмкін. Мәселен, жұмыстағы келеңсіз оқиға немесе автобустағы дөрекі жүргізуші сіздің күніңізге әсер етуі мүмкін. Massaget.kz тілшісі nontoxicperson Telegram-арнасына сілтеме жасап, жаман ойдан арылуға көмектесетін кеңестерді ұсынады.

  • Ең жақсы нұсқалардың бірі - хобби табу. Әдетте адам айналысатын ешнәрсе таппаған кезде жаман ой ойлайды. Сондай-ақ, бұл құбылыс адам жалғыз қалған кезде де болады.
  • Достармен серуен немесе спортзалға бару, бимен айналысу, түрлі рецептерді үйрену де көмек болуы мүмкін.
  • Шығармашылықпен айналысу да ұтымды тәсілдердің бірі саналады. Дәрігерлер де негативтен арылудың таптырмас тәсілі шығармашылықпен айналысу екенін айтады. Бұл жақын адамыңызбен сырласқандай әсер сыйлауы мүмкін.
  • Жаман ойларды қағаз бетіне түсіру. Сол сәтте не сезінгеніңізді, көңіл күйіңіз қандай болғанын жазыңыз. Кейін бұл ішкі күйіңізді талдауға, мәселе қайдан шыққанын анықтауға септігін тигізеді.

  • Шағымдана бермеу. Адам шағымға энергиясының көп бөлігін ысырап етеді. Шағымданбас бұрын, мәселені шешу үшін не істей алатыныңызды өзіңізден сұрап көріңіз.

  • Позитивті адамдардың ортасында жүру. Тек негатив көретін адамдардан аулақ болыңыз. Керісінше, әлемге оң көзқараспен қарайтындармен көбірек уақыт өткізіңіз. Олардан үйреніңіз, кеңес сұраңыз және олардың мінез-құлқына еліктеңіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова