- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Путин Ресейдегі жағдайға...
Путин Ресейдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
РФ басшысы Владимир Путин Ресейдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент мәлімдеме жасайтынын хабарлады.
"Иә, жақын арада президент мәлімдеме жасайды", - деген еді Песков.
Артынша Путин үндеу жасап, Пригожиннің әрекеттерін "ауыр соққы" деп атады.
"Кез келген ішкі шиеленіс - бұл біздің мемлекеттілігімізге, біз үшін ұлт ретінде қауіпті. Біздің отанды қорғауға қатысты іс-әрекеттеріміз қатал болады", - деді Путин.
"Біз сатқындыққа тап болдық, шектен тыс амбициялар сатқындыққа әкелді", - деді РФ басшысы.
Ол Ростовтағы жағдайды "қиын" екенін айтты және бүлікшілер "жақын арада жазаланады" деп мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін бірнеше ресейлік БАҚ елде ішкі қақтығыс басталғанын хабарлаған болатын.
Федералды қауіпсіздік қызметі "Вагнер" жеке әскери компания басшысы Евгений Пригожиннің мәлімдемесінен кейін қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Пригожиннің сөзінше, "РФ қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК лагерьлеріне соққы жасаған". Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазды.
БАҚ Ресейде әскери төңкеріс басталғанын хабарлады: елде не болып жатыр?
ВВС ресейлік қызметі Вагнер мен Ресейдің қорғаныс министрлігі арасындағы қақтығыс жетер жеріне жеткен. "Вагнерліктерге" жасалған зымыран соққысынан кейін Пригожин "әділдік маршын" бастауды шешіпті-мыс, көбісі бұл әскери төңкеріс жасау әрекеті деп бағалаған.
Ал Ресейдің ресми билігі зымыран соққысы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын және ол арандату екенін мәлім етті. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Сонымен қатар, ФҚК "түзетілмейтін қателіктер жібермеуге, Ресей халқына қарсы кез келген әрекетті тоқтатуға, Пригожиннің қылмыстық және сатқындық бұйрықтарын орындамауға, оны ұстауға шаралар қабылдауға" шақырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина