Алматыда ер адам қызды есінен танғанша соққыға жыққан (видео)

Алматыда ер адам қызды есінен танғанша соққыға жыққан (видео)
Фото: видеодан алынған кадр

Алматыда ер адам көшеде қызды соққыға жыққан. Есінен танып қалған қыз медициналық көмекке мұқтаж болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Instagram желісінде пайда болған видеоға сүйенсек, бұл "Тастақ" базары маңында орналасқан "Асыл" сауда үйіне қарама-қарсы жерде болған.

"Бүгін Төле би көшесінде ер адам бір қызды ұрып жіберді. Ол 25 жаста", - делінген видеода.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, күдікті - 1985 жылы туған С. есімді ер адам. Ол қазір ұсталып, тергеу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілген.

"Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі", - деді полицейлер.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова