- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шонжыдағы тасжолда жантүршігерлік...
Шонжыдағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі әйел қаза тапты
Фото:
видеодан алынған кадр
Шонжыдағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 22 маусымда Ақсай-Шонжы-Қалжат тасжолында болған. 32 жастағы әйел Lexus көлігінің рөлін басқара алмаған.
"Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қайтыс болды. Тағы бір 25 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Шонжы ауылының ауруханасына жатқызылды", - делінген Алматы облысының полициясы хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша Ұйғыр ауданының полиция бөлімінде тіркелген.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан шетелдіктер қаза тапқаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова