Балғамен ұрады: Желіде бірнеше ер адам итті аяусыз өлтіріп жатқан видео тарады

Балғамен ұрады: Желіде бірнеше ер адам итті аяусыз өлтіріп жатқан видео тарады
Фото: podrobno.uz

Әлеуметтік желіде бірнеше ер адам итті аяусыз өлтіріп жатқан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Видеода ер адамдар балға мен таяқтардың көмегімен жануарларды өлтіріп жатқаны көрінеді. Сонымен қатар, олар күліп, жануарларды қалай ұру керек екенін талқылайды, балағат сөздер айтады.

Жануарларды қорғау топтары Ішкі істер министрлігінен бұл адамдарды тауып, заң бойынша жазалауды сұрады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова