"Ең керемет ене". Айнұр Тұрсынбаева немересін перзентханадан ерекше шығарып алды

"Ең керемет ене". Айнұр Тұрсынбаева немересін перзентханадан ерекше шығарып алды
Фото: әлеуметтік желі

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немересін перзентханадан шығарып алу рәсімін ерекше ұйымдастырған. Қуанышты сәтті айтыскердің өзі де, келіні де әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің келіні Мәдина енесінің бәрін ойластырып қойғанына алғыс білдерген.

"Құттықтап жатқандарға рақмет. Кеше үйге келдік. Үй әдемі гүл шоқтарымен толықты. Анам безендірудің әр бөлігін ойластырып қойған. Кәмпитке дейін", - деп жазды айтыскердің келіні.

Сондай-ақ, ол үйдегі қуанышты сәттің видеосын да бөліскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madina Janiyeva?️? (@mdzhanieva)

Әлеуметтік желідегілер Айнұр Тұрсынбаеваның керемет ене екенін айтып, бөбекке бақытты ғұмыр тілеген.

"Қандай бақытты әйелсіз", "Келініңіз қандай бақытты жан сіздей енесі бар", "Не деген керемет", "Ең керемет ене", - деп жазған Желі қолданушылары.

Айтыскердің өзі де қуанышына ортақтасқан жандарға алғысын білдіріпті.

"Әлемге Әлем келді деп улап-шулап жүріп бөпемізді шығарып алдық... Әулетіміздегі алғаш қуанышымызға ортақ болып ақ тілегін аямаған жақсы адамдарымды Алла еселеп қуантсын!" - деп жазған Айнұр Тұрсынбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Айта кетейік, бұған танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева әже атанып, жұрттан сүйінші сұраған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова