- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тоқал алу керек"....
"Тоқал алу керек". Әнші Саят Медеуов өз өмірі туралы айтты
Әнші, композитор Саят Медеуов елдің демографиясын көтеру үшін тоқал алу керектігін жеткізді. Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақ эстрадасының жұлдызы, әнші Саят Медеуов сұхбат барысында демография жөнінде сөз қозғап, тоқал алуға қарсы шықпау керектігін айтты.
"Ұлттың демографиясын көтеру үшін тоқал алу керек. Егер оны асырай алса, алсын. Қара көз қыздарымызды шетелдің азаматына бергенше сол қыздарымызды өздеріміз алып, дүниеге қазақ деген ұлтты әкелу керек деп ойлаймын. Өз елімізге, жерімізге пайдамызды тигізуіміз керек. Ең болмағанда қазақ қыздарын асырауымыз керек шығар. Мемлекеттік тұрғыда біздің ұлдарымызға көп қаражат бөлсе, сонда демография көтерілетін шығар деп ойлаймын",- дейді әнші.
"Мен өзім іспен дәлелдейін, дәлелдемейін ол өзімнің жеке басымның ісі. Бірақ ел болашағы үшін ол нәрсе керек деп ойлаймын. Кейбіреуі ренжуі мүмкін. 1-2 баламен қазақтың саны көбейе ме"?- деп. Дәл солай қарайтын болсақ, Бәйдібек атамыз Домалақ ананы алмайтын болса, бір баланы дүниеге әкелмесе, біз болмас едік. Сол бір баладан көбейдік. Бір бала болса да мейлі әйтеуір қазаққа пайдасы тиер азамат болса екен", - дейді Саят Медеуов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы