"Тек қанын ішеді": ШҚО-да белгісіз аң тауық-қазды қырып жатыр

"Тек қанын ішеді": ШҚО-да белгісіз аң тауық-қазды қырып жатыр
Фото: osa_uka_vko

Өңірдегі Прогресс ауылының тұрғындары соңғы бірнеше күнде қараңғыда далаға шығуға қорқып, барынша сақтық танытып жүр. Жемтігін түнде ғана аулайтын жануар үй құстарын тамақтап кетуді жиілеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғындар таңертең оянса, қамалып тұрған тауықтары тып-типыл. Аң-таң болған олар мұны істеуі мүмкін деп ақкіс, күзен, борсық, тіпті құнуды да айтты.

Бірақ қайсысы екені әлі анықталмады. Мұнымен қоса, шетелдік ғалымдар мен зерттеушілер күні бүгінге тұрқы ауру итке ұқсайтын жануар туралы іліп аларлық ақпарат ұсынбаған соң тұрғындар мұны неге жоритынын білмей жүр.

"Былтыр борсықтар шабуылға шыққан еді. Торларды бұзып, аңшылар мылтық кезенгенше үй құстарын қынадай қырды. Ал көктемде бір түнде он тауығымды тамақтап, кейінірек оның күзен екені белгілі болды. Тұрқы кішкентай аң: өзі жіп-жіңішке, кез келген саңылаудан өтіп кете алады", – деді ауыл тұрғыны Светлана Тиханова.

Прогресс ауылының жұрты түнде келіп жүрген жануардың ірілігін өздері жасаған қоршаулардың сынғанына қарап айтты. Шегелеп бекіткен тақтай жұлынып, торды үзіп, үңірейтіп тастаған. Жемтігін жеп тауыспайды, тек қанын ішеді.

Бұл ретте ауылдастар "тауық пен қазды қойып, адамға шаппасын" деп мазасызданып жүр. Ал жергілікті орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету бөліміндегілер тұрғындарға қақпан құрып, жұмбақ жануарды өз беттерінше аулап көруге кеңес берді. Аудан әкімдігі бұған қатысты толық мәлімет ұсынбады. Айтуларынша, әлі қолға немесе бейнежазбаға түспеген соң бірнәрсені ашып айту қиын.

"Ауылда білесіздер, түрлі әңгімелер айтылады. Бірінің ойын бірі жалғап, асыра сілтеп жіберуі мүмкін. Қазір зерттелген жерлер бойынша нақты ештеңе анықталмады", – деді аудан басшысы Елдар Тумашинов.

Асыл Бигелді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы