"Бес жылда бір рет қана мемлекеттен киім берілді". Өртсөндіруші шындықты жайып салды

"Бес жылда бір рет қана мемлекеттен киім берілді". Өртсөндіруші шындықты жайып салды
Фото: бейнежазбадан алынған кадр

Желіде Алматы қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Өмірбаев Арман Нұрланович деген азаматтың бейнежазбасы тарады. Видеода жеке куәлігін көрсетіп, өзін таныстырған қызметкер саланың біраз кемшіліктерін жайып салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол өрт сөндіру қызметкерлеріне лайықты деңгейде жағдайдың жасалмайтындығын, айлықтарының аз екенін айтып Қасым-Жомарт Кемелұлына үндеу жолдаған.

"Бес жылда бір рет қана мемлекеттен өрт сөндіруге арналған киім берілді. Оның өзі өлшемі тым үлкен. Әрбір қызметкер өз киімін өзі сатып алады. Техника бұзылса да өз қалтамыздан жөндейміз. Жалақымыз 140 мың теңге. Әр қайсысының отбасында төрт-бес баласы бар, кредиті бар, - дейді ол.

@arma_bez_obmana

♬ оригинальный звук - arma_bez_obmana

Біз аталған мекемеге хабарласып, мән-жайды анықтап көрдік. №8 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Жолтай Еділ Өмірбаев Арманның осыдан бір ай бұрын қызметінен өз еркімен кеткендігін айтты. Ал қалған ақпаратты Алматы қалалық ТЖД хабарласып біле алатынымызды жеткізді. Айта кетейік әлеуметтік желіге жарияланған жазба осыдан үш күн бұрын шығыпты.

Бейнежазбада: Мен мемлекеттік жұмыстан кетпеймін! - деген азаматтың осыдан бір ай бұрын қызметінен өз еркімен кетуі көкейге күмән ұялатады. Дегенмен аталмыш мекемеге де сұрау салдық. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов