Қарағандыда қатты жел кезінде ойын алаңымен ұшып кеткен бір баланың жағдайы ауыр

Қарағандыда қатты жел кезінде ойын алаңымен ұшып кеткен бір баланың жағдайы ауыр

Қарағандыда қатты жел салдарынан ойын алаңынан ұшып кеткен балалардың жағдайы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaragandy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, кеше, 19 маусымда ойын алаңында екі бала қатты жел салдарынан ойын алаңында ұшып кетіп, жарақат алған. 

Балалардың жағдайын білуге Мейрам Кожухов келген. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана өкілдерінің сөзінше, бір баланың жағдайы тұрақты-ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлық дәрежесі деп бағалап отыр. Барлық қажет емдеу шаралары өткізіледі.

Зардап шеккен балалардың ата-аналарына балалардың денсаулығын емдеуде және қалпына келтіруде барлық қажетті көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, кеше, 19 маусымда Қарағандыда қатты желден бала ойын алаңымен бірге ұшып кеткен болатын. Оқиға Голубые пруды шағынауданындағы №11 үйдің алаңында болған. Видеодан бала қатты жел салдарынан жасыл алаңның астында қалып, ұшып кеткенін көруге болады. Артынша бір адам келіп, оны алаңның ішінен шығарып алған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина