Эндокринолог ыстықта күніне қанша балмұздақ жеуге болатынын айтты

Эндокринолог ыстықта күніне қанша балмұздақ жеуге болатынын айтты
Фото: pixabay.com

Балмұздақ - пайдалы өнім емес. Эндокринолог Зухра Павлова Doctorpiter порталына балмұздақ денсаулығыңызға және дене сымбаттылығыңызға зиян келтірмес үшін оны күніне қанша жеуге болатынын айтты.

Пломбир немесе жемісті мұз?

"Пломбирдің құрамындағы сүтте болатын аздап ақуыз бен кальцийді оған қосылатын қант пен майдың көп мөлшері жоққа шығарады, - дейді эндокринолог Зухра Павлова. - Жемісті мұзда да қант өте көп, ал дәрумен өте аз".

Егер балмұздақтың пайдалы болғанын қаласаңыз, жаңа сығылған апельсин немесе алма шырынын қатырып қойыңыз, деп кеңес берді дәрігер.

Алайда дәрігер балмұздақ көңіл күйді жақсы көтеретінін айтты. Балмұздақ эндорфиндер бөлінуін арттырады.

Балмұздақты кешке жемеңіз

Эндокринологтың айтуынша, балмұздақты жемістер, шоколад және пайдалы тәтті десерттерді тек күннің бірінші жартысында жеген дұрыс.

"Ең болмағанда сағат 15:00-ге дейін, әйтпесе, оны кешке жесеңіз, қандағы қант деңгейі артып кетуі мүмкін", - деп түсіндірді Зухра Павлова.

Кімдерге балмұздақ жеуге болмайды?

"Егер артық салмақпен қиналсаңыз, балмұздақты күнде жеудің қажеті жоқ", - дейді эндокринолог.

Дәрігердің айтуынша, балмұздақ әсіресе безеу, терідегі бөртпемен қиналатын адамдар үшін қауіпті.

Дәрігер кеңесі

"Менің ұсынысым - айына бір балмұздақ жеу. Бұл мөлшер дене сымбаттылығына әсер бермейді", - дейді Зухра Павлова.

А. Жапатова