Талдықорған маңында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам қаза тапты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорған-Үштөбе айналма жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты. Mitsubishi Pajero-ны 32 жастағы ер адам басқарған, ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ 34 жастағы әйел түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жатқызылды.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!