Ер адам итті көлігіне байлап сүйреген - видео

Ер адам итті көлігіне байлап сүйреген - видео
Фото: Видеодан алынған кадр

Өзбекстанда қасқой итті көлікке байлап, жол бойымен сүйреген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Mehr va oqibat жануарларды қорғау қоғамы оқиғаның видеосын жариялады. Nexia көлігінің иесі итті жүксалғышына байлап, оны басқа жүргізушілер тоқтатқанша ұзақ сүйреп жүрген.

Басылымы мәліметінше, көлік иесі мен оның туысы бұл әрекетті қастандық деп бағаламай, керісінше оларды тоқтатқан жүргізушілерді балағаттай бастаған. Олар итті көлік салонына мінгізгісі келмеген, сондықтан оны осылай сүйреп тасымалдауды шешкен.

Жануарларды қорғаушылар Ішкі істер министрлігінен бұл көліктің иесін заң бойынша тауып, жазалауды сұрады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек