Қазақстандық журналист Грузияда өлтірілген

Қазақстандық журналист Грузияда өлтірілген
Фото: Facebook

Қазақстандық журналист Грузияда өлі табылды. Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда әріптесімен байланысқа шыққан. Назира Дәрімбеттің айтуынша, журналистің сыныптастары оның Грузияда өлтірілгенін айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Назира Facebook-те жазды. Жазбаға ҚР Грузиядағы елшілігінің консулдық бөлімінің басшысы Ерлан Әбішев қол қойған құжат тіркелген, онда ол Жанботаның денесін беру үшін туыстарын іздеу туралы өтінішпен ҚР СІМ-не жүгінеді.

"Жанботаның сыныптастары оның 21 мамырда Грузияда Телави қаласында өлтірілгенін хабарлады!!! Сұмдық! Сенбеймін, бұл қалай болды? Ол жерге қалай барды?" - деп жазды Назира Дәрімбет.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратты журналистің ағасы Ерболат Алтайұлы растады. Ол Жанбота Төлеген 2 маусымда Қоянды ауылында жерленгенін жазды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова