Ішкі істер министрлігі Kaspi Bank-те неше адам кепілде отырғанын мәлімдеді

 Ішкі істер министрлігі Kaspi Bank-те неше адам кепілде отырғанын мәлімдеді
Фото: tengrinews.kz

Kaspi Bank-те кәсіпқой келіссөзшілер кепілгермен сөйлесіп жатыр. Ер адам 7 адамды кепілге алғаны мәлім болды.

"Ер адамның оқ өтпейтін жилет кигені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Әскери қызметкерлер арнайы операцияға қатысқан жоқ. Біз азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз", - деді ІІМ.

Тәртіп сақшылары елордалықтардан сабыр сақтап, құзырлы органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрайды.

Кейбір дереккөздер оның 2013 жылдан бері есірткі есебінде тұрғанын жазды. Ер адам екі рет түрлі қылмыстық істер бойынша күдікті ретінде танылған екен.

Айта кетейік, Еске салайық, Kaspi Bank-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. 

Т. Раушанұлы