- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау-Астрахань тасжолы қашан...
Атырау-Астрахань тасжолы қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды
Атырау-Астрахань тасжолы 2024 жылы пайдалануға беріледі. Бүгінде күре жолдың 170 шақырымы пайдалануға берілген. Ал жыл соңына дейін қалған 107 шақырымы көлік қозғалысы үшін ашылады. Бұл туралы өңір басшысы Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Биыл мұнайлы өлке өңірдің жолдарын жөндеуге басымдық беріп отыр. Қазір өңірдегі жолдың 72 пайызы қанағаттандырарлық жағдайда. Жыл соңына дейін көрсеткішті 76 пайызға жеткізу көзделген. Осы мақсатта шалғай жатқан аудандар мен қала жолдарын жөндеу қолға алынған. Жергілікті халық тағатсыздана күткен Атырау-Астрахань тасжолы 2024 жылы пайдалануға беріледі.
"Атырау-Астрахань тас жолы 277 шақырым болады. Оның 170 шақырымында екі қабат асфальт төселіп, жүруге мүмкіндік берілді. Енді жыл соңына дейін толық жүруге жолды ашамыз деген жоспарымыз бар. Негізінен жоба 2024 жылы аяқталады. Қалған 3-қабаты келесі жылы салып, толығымен іске қосылады", - деді өңір әкімі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова