- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда неге өрт...
Қазақстанда неге өрт сөндіруге арналған ұшақтар жоқ? ТЖМ жауабы
Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Қазақстанда неге өрт сөндіруге арналған ұшақтар жоғын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министріне журналистер Сенаттың кулуарында сұрақ қойды.
"Бізде су шашатын құрылғысы бар 33 тікұшақ бар, бірақ шамамен 16-сы ғана өрт сөндіруге қабілетті. Қалғандары іздестіру жұмыстарына, барлауға арналған. Бірақ оның барлығы қолданылмайды, өйткені кейбіріне жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан олардың жартысына жуығы әрдайым жөндеуде. Ұшақтар жоқ, біз қаржы сұрадық, бірақ қаражат қарастырылмайды. Сондықтан әлі ұшақ сатып алған жоқпыз", - деп түсіндірді Ибрагим Күлшімбаев.
Бұған дейін төтенше жағдайлар вице-министрі Абай облысындағы өртті сөндірудің болжалды мерзімін айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек