Полиция Жамбыл ауданындағы білім бөлімінің есепшісі суицид жасағаны туралы хабарламаға түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, кеше Telegram-арнада Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімінің есепшісі суицид жасағаны туралы хабар тараған болатын. Алматы облысының Полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратты растады.
ПД мәліметінше, 7 маусымда Жамбыл ауданының полиция бөліміне 43 жастағы әйел адам асылып, суицид жасағаны туралы хабар түскен.
"Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ПД өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!