- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ажар Ғиният Алматы...
Ажар Ғиният Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ инфекциясының анықталуына қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрлігі Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ инфекциясының анықталуына байланысты тексеруді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенат отырысында журналистердің сауалдарына жауап берген денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният былтыр АИТВ инфекциясын 4 мың адам жұқтырғанын айтты. Ал екі жыл бұрын 3,5 мың жағдай тіркелген.
"Алматыдағы бұл оқиғаға байланысты ақпарат түсті. Комиссия жіберілді. Біз аурухана ішінде инфекцияның таралмауын қадағалаймыз. Тексеруден кейін толық ақпарат береміз. Енді эпидемиологиялық тергеу жүргізу керек, инфекцияның көзін, инфекция жолын анықтау керек, ауруханаішілік инфекция болған жоқ. Министрліктің, комитеттердің үздік мамандары сол жерге жіберілді", - деді ведомство басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Алматы ауруханасында науқастардан АИТВ анықталғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек