Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады

Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады

Алматының полиция департаменті әнші Төреғали Төрәлінің ұсталуына қатысты тағы бір видеоны жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодан әншінің полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, көлікті тоқтатудан бас тартып, әрі қарай айдап кетуге тырысқанын байқауға болады. Алайда полиция қызметкерлері оны күштеп сыртқа шығарған. Сонымен бірге видеода әйел адамның айғайлап жатқан дауысы естіледі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған еді. 

Алматының полиция департаментінің хабарлауынша, 14 маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. (Уикипедиядағы мәлімет бойынша, Төреғали Төреәлінің тегі - Әлиханов) есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқан.

"Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессив болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды.

Құқықбұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеріске алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екені белгілі болды", - делінген полиция хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан