Абай облысында орманшыны жерлеу рәсімінен тікелей эфирге шыққан тілші жылап жіберді

Абай облысында орманшыны жерлеу рәсімінен тікелей эфирге шыққан тілші жылап жіберді

"Хабар" телеарнасының тілші Абай облысындағы өрт жайлы тікелей эфир барысында еріксіз жылап жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысындағы өртте қаза тапқан Саят Нұржігітовті жерлеу рәсімінен телеарна тілшісі Эльмира Ахметова тікелей эфирге шыққан болатын. Сюжет барысында тілші өрт сөндіру барысы туралы ақпарат берді. 

Сонымен қатар, тікелей эфир барысында Эльмира Ахметова қатты қобалжып тұрғанын байқауға болады. 

"Жаңа ғана оралдық. Біз үшін де, түсірілім үшін де өте ауыр уақыт болды", - дейді тілші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

Сюжет барысында орман шаруашылығының қызметкері әріптесі туралы естелігін айтып, жылап жіберді.  

Еске салайық, Абай облысындағы алапат өрт кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері өлі табылған болатын. Бүгін Үкімет қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина