- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тоқаев өрттен зардап...
Тоқаев өрттен зардап шеккендерге жеке өзі көмектесуге уәде етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен зардап шеккендерге жеке өзі көмек беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалатынын айтты.
"Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін", - деді ол.
Ол келесі аптада арлық мәселе шешілетініне уәде берді.
"Атқарушылардың барлығы осында. Сіздердің барлық қажеттілігіңіз бойынша тізім жасалады. Бүгін – жексенбі, келесі аптада барлық мәселе шешіледі. Өтініштеріңіздің бәрі орындалады, - деді Президент.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан