Абай облысындағы орман өрті 60 мың гектарға жайылды

Абай облысындағы орман өрті 60 мың гектарға жайылды

Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес, өрттің алдын ала ауданы 60 мың гектардан асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өртті сөндіруге 8 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр.

Өрт ошақтарына әуеден 99 рет су төгілді, жалпы көлемі - 275,5 тонна.

Жедел желі ашылып, ТЖМ және ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31. Қазіргі уақытқа дейін 17 қоңырау түсті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан