- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысындағы орман...
Абай облысындағы орман өрті: екі ауылға қауіп төніп тұр
Абай облысындағы алапат өрттен Семейге қауіп жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Семей әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Каштак және Талица ауылдарына қауіп төніп тұр.
"Желдің өзгермелі бағытына байланысты өрт периметрі бойынша барлық бағытта таралуы мүмкін. Төтенше жағдай режимі барлық қызметтің толық дайын күйіне келтірілуі үшін жарияланды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Абай облысындағы алапат өрттен орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тауып, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр.
Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді.
Семейде төтенше жағдай режимі енгізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан