Абай облысында тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатыр

Абай облысында тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатыр
Фото: Автордан

Бородулиха ауданының тұрғындары мен кәсіпкерлері, еріктілері өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп. Сондай-ақ, оларға бірнеше мезгіл тамақ таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кешеден бері 80-нен аса аудан тұрғыны мен еріктісі 2 ауысымға бөлініп, түнгі кезекте де өртсөндірушілерге тамақ жеткізіп беріп жатыр. Қазір өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатқан аудан мен Семей қаласынан да келіп жатқан жерлестеріміз көп деді", - Бородулиха ауданы Жастар ресурстары орталығының директоры Дильяра Хасенова.

Облыста орман өртіне қарсы күрес бойынша барлық шара қабылданып жатыр. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылған. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев штабтың көшпелі отырысын өткізді.

Бородулиха ауылындағы Островский орта мектебінің және колледж базасында эвакуациялық пункттер ашылды. Успенское, Поднебесное және Барышевка ауылдарының тұрғындары өздері туыстарының үйлеріне барған. Осы ауылдарда 122 адам және 30-дан аса техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін үш ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кеткені хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова