- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1 қыркүйектен бастап...
1 қыркүйектен бастап қай сала қызметкерлерінің жалақысы өседі?
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
1 қыркүйектен бастап тағы бір сала қызметкерлерінің жалақысы өседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өседі.
Мемлекет басшысы тапсырмасымен 2020 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өскен. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30 пайызға көбейеді.
Осылайша, еліміздегі 97 мыңнан аса педагогтің жалақысы 2,5 есе артады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек