- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысындағы өрт:...
Абай облысындағы өрт: үш ауылдың тұрғындары үйлерін тастап кеткен
Фото:
ТЖМ
Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр. Үш елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға көмектесіп жатыр.
Үш өңірден көмекке құтқарушылар мен тікұшақтар жұмылдырылды. Қосымша күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына вице-министр М.Күлдіков жіберілді.
Қазір Бородулиха ауылында Островский атындағы мектепте және колледжде эвакуациялық пункттер жұмыс істеп тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек