- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 29 адам сусыннан...
29 адам сусыннан уланып өлген: Қазақстанда қауіпті сидр сатылымнан алынды
Ресейде 29 адам сидрден уланып өлген, тағы 4 адамның жағдайы ауыр. Бұған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті импорттаушылар мен өткізушілерге "Мистер Сидр" сусынын уақытша сатылымнан алуды тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "АНДИ" ЖШҚ өндірген "Мистер Сидр" алкоголі аз сусынынан улану және адам өлімі жағдайлары туралы БАҚ-та таралып жатқан ақпаратқа байланысты импорттаушылар мен өткізушілерді хабардар ету және мән-жай анықталғанға дейін бұл өнімді сатылымнан уақытша алып тастауға байланысты аумақтық департаменттерге тапсырма берді. Комитет мән-жай анықталғанға дейін бұл өнімді пайдаланудан бас тартуға және бұл өнімді кімде-кім сатылымнан анықтаса, комитетке немесе объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге дереу хабарлауға шақырады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ресейде 18 адам сидрден уланып өлгенін хабарлаған едік. Кейінгі ақпарат бойынша, көз жұмғандар саны 29-ға өскен, ал 4 адамның жағдайы ауыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек