Қазақстан әскері ҰҚШҰ аясында Ресейді қорғай ма? Министр жауап берді

Қазақстан әскері ҰҚШҰ аясында Ресейді қорғай ма? Министр жауап берді
Фото: Фото:gov.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Қарулы күштері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында Ресейге бармайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналистер министрден "Қазақстан әскері ҰҚШҰ аясында Ресей мен Украина шекарасына бара ма" деген сұрақ қойды. Әлеуметтік желілерде осындай қауесет тарап жатыр.

"Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері еліміздің аумағынан шықпағанын толық сеніммен айта аламын. Біз бітімгершілік миссияларын тек Біріккен Ұлттар Ұйымы бағытында ғана іске асырамыз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері аумағына әскер жібермейміз және мұндай жоспар болған жоқ. Біз ешқайда бармаймыз", - деді Руслан Жақсылықов.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек