"Не жыларымды, не күлерімді білмей отырмын". Әнші Qanay үйленді

"Не жыларымды, не күлерімді білмей отырмын". Әнші Qanay үйленді
Фото: Instagram/qanay.913

Qanay лақапатымен танымал әнші Нұрболат Қанай үйленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығын өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті. Нұрболат Қанай Stories-інде неке куәлігін көрсетті. 

"Бірге Мағрип намазын оқыдық. Алла тағала жымиып күлген сияқты екеумізге. Я Алла, қайырлы қыл. Ал құттықтап қойсаңыздар болады. Құттықтап жатқан оқырмандарыма рақмет. Алла разы болсын. Я раббым не жыларымды, не күлерімді білмей отырмын", - деп жазған ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек