Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды

6 маусым күні сағат 11:00 шамасында Қостанай - Әулиекөл - Сурған автожолында адам өлімімен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Салонында 4 жолаушысы бар Toyota Alphard автокөліктің жүргізушісі, үшеуі оның кәмелетке толмаған балалары, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Көкшетау қаласы тұрғынының басқаруындағы, қарсы келе жатқан Renault жүк көлігімен соқтығысуға жол бергені анықталды. Әрі қарай, минивэн Атбасар қаласының тұрғынының басқаруындағы Daf басқа фурамен бетпе-бет қақтығыс жасады.

Апат салдарынан 46 жастағы Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі және оның 2013 жылы туған ұлы қайтыс болды. Минивэннің тағы үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!