Алматы облысында тұрғындар жантүршігерлік жайтты айтты: белгісіз біреу кішкентай қызды ұрлап әкеткен

Алматы облысында тұрғындар жантүршігерлік жайтты айтты: белгісіз біреу кішкентай қызды ұрлап әкеткен

Алматы облысының тұрғындары кішкентай қызға тиіспек болған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ZTB.KZ порталының редакциясына Алматы облысындағы Қарасай ауданының тұрғындары байланысқа шығып, жантүршігерлік жайттың куәгері болғанын айтқан. Тұрғындардың сөзінше, өзін Руслан деп таныстырған ер адамның қолында ішімдік болған. Ол өзі және "қызын" Ұзынағашқа дейін апаруды сұраған.   

Тұрғындар қыздан қасындағы ер адам кім екенін сұрағанда кішкентай қыз жылап жіберген. Қыздың сөзінше, ол үйден шығып, жергілікті өнер мектебіне бара жатқан кезінде белгісіз біреу оны ұрлап әкетіп, таксимен белгісіз жаққа алып кеткен.   

Өзін Руслан деп таныстырған адам оны тұрғындар видеоға түсіре бастағаннан кейін қашып кеткен. 

Ал кішкентай қыз жылап, оны мүлде танымайтынын, өзінің ата-анасы барын айтқан. 

Полиция департаментіндегілер бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. 

1987 жылы туған Р. Жамбыл ауданындағы Фабричный ауылынан кәмелетке толмаған қызды алып кетіп, Қарасай ауданындағы Жібек жолы ауылына алып кеткен.

"Кішкентай қыз өтіп бара жатқан әйелден көмек сұраған. Әйел полиция басқармасына хабарласқан. Тұрғынның хабарынан кейін күдікті сағат 11.20-да ұсталды. Қазіргі уақытта іс аумақтылығы бойынша Жамбыл ІІБ-не берілді. Бұл дерек аудан прокуратурасының бақылауында", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина