Ақтауда тағы бір итбалық өлі табылды

Ақтауда тағы бір итбалық өлі табылды

Ақтауда тағы бір итбалық өлі табылды. Жануардың өлексесі адамдарға қауіп тудыруы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Өлі итбалықты қала тұрғындары тауып алған. 

"Бастапқыда әйелім екеуіміз бір нәрсені шұқып жеп жатқан құсты көрдік. Жақындап көрдік. Құс ұшып кетті. Ол итбалықты шұқып жеп жатыр екен", - дейді тұрғын. 

Фото: Lada.kz

Еске салайық, бұған дейін тағы бір итбалық өлі табылған болатын. Ол қайдан келгені белгісіз. Ал ғалымның сөзінше, оны адамдар өлтірген болуы мүмкін. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина