"Жолды кесіп өтпек болғаны үшін". Алматы облысында жүргізуші ер адамды пышақтап тастаған

"Жолды кесіп өтпек болғаны үшін". Алматы облысында жүргізуші ер адамды пышақтап тастаған
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысында жүргізуші ер адамды пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, оқиға 1 маусымда сағат 12:00 шамасында болған.

"Жамбыл аудандық Полиция басқармасына жараланған 1967 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түсті", - делінген полиция мәліметінде.

Полиция дерегінше, бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша Жамбыл ауданының Полиция бөлімінде тіркелген.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда ер адам қолымен іш тұсындағы жарақатты ұстайтыны көрінеді. Видео авторы ер адамды Lada жүргізушісі ұрғанын айтады. Оның сөзінше, жәбірленуші жолды кесіп өтпек болған, бұл осы жағдайға себеп болған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 61 жастағы күдікті ұсталды. Жанжалдың себебі Ұзынағаш кентінің бір көшесіндегі жәбірленуші мен күдікті арасындағы жанжал екені анықталды", - деді ведомство өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова